«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ ТОРАПТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласындағы “2 ДУ 1000” жылу торабының бірінші кезегі жөнделіп жатқан учаскеде болып, құрылыс жұмысының барысымен танысты.

Жылу тораптарын қалпына келтіруге арналған жұмыс жалпы ұзындығы 4 шақырымнан асатын екі учаскеде жүргізілуде. Учаскенің бірінші кезегі 1,6 шақырымнан сәл ғана артық.

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің бас директоры Игорь Рыбастың ақпараты бойынша, ең қиын бетондау жұмысы аяқталып, құбырларды құрастыру басталған.  

Өңір басшысы жұмыстың сылбыр жүргізіліп жатқанын атап айтып, жылу тораптары құрылысының қарқынын арттыруды тапсырды.

– Жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтап, сосын қажетті сынақтардан өткізу керек, ал олар 1 қазанда іске қосылуы тиіс, – деді Ерік Хамзаұлы.

Жылу тораптарының құрылысына заманауи жылу сақтау технологиялары қолданылуда. Полипропилен қабықшаларымен қапталған оқшаулағыш құбырлар су мен жылу жоғалтуды азайтып, 25 жылдан астам уақыт пайдаланылатын болады. Бұрынғы құбырлардың қолданысы 20 жылдан аспайтын. Отандық жаңа құбырлардың тағы бір артықшылығы – өткізу қабілетінің көбейтілгендігінде, олардың диаметрі 1000 миллиметрді құрайды (бұрынғылар – 700 мм.).

Петропавл қаласының жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға биыл республикалық бюджеттен 3 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді.

  Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp