«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛУ ҚУАТЫНЫҢ ТАРИФІ ӨЗГЕРМЕЙДІ

“Петропавл жылу желілері” ЖШС жылу қуатын беру және таратудың реттелетін қызмет түрі бойынша табиғи монополиялардың субъектісі болып табылады.

2014 жылы 1 сәуірде облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаментке “Петропавл жылу желілері” ЖШС-ден 2014 жылғы 1 қазаннан 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін, 2 жылдық қолданыс мерзімге, орташа мерзімді кезеңге жылу қуатын беру және тарату бойынша реттелетін қызметке тариф пен тариф сметасын бекіту туралы өтінім түсті.

Сол шақта, 2014 жылы 12 маусымда “Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес табиғи монополия субъектісінің міндеті өзгерді және заңнаманың жаңа редакциясында былай берілді: “Табиғи монополиялар субъектісі 5 және одан да көп жылға дейінгі арақашықтықпен ұзақмерзімді кезеңге өкілетті орган бекіткен ақырғы тарифтер (алымдар бағасы, ставкалары) деңгейі бойынша реттелетін қызмет көрсетуге міндетті”.  

Соған орай Қазақстан Республикасы заңнамасының жаңалығын басшылыққа ала отырып, департамент 2014 жылғы 16 шілдеде “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің екіжылдық мерзімге жылу қуатын беру және таратуға арналған қызмет тарифін және тариф сметасын бекітуден бас тартты, соған байланысты “Петропавл жылу желілері” ЖШС 5 және одан да көп жылға дейінгі арақашықтықпен ұзақмерзімді кезеңге өкілетті орган бекіткен ақырғы тарифтер деңгейі бойынша реттелетін қызмет көрсетуге міндетті.

“Петропавл жылу желілері” ЖШС департаменттің іс-әрекетін заңсыз деп танып, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағымданды.

“Солтүстік Қазақстан тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы” ҚБ 3-ші тұлға болып аталмыш сотта департаментті қолдады.

2014 жылғы 30 қазандағы сот шешімімен “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің арызы қанағаттандырылмады, соған сәйкес департаменттің табиғи монополия субъектісінің тарифін бекітуден бас тарту әрекеті заңды деп танылды.

Осы аралықта “Петропавл жылу желілері” ЖШС соттың бірінші сатысының қорытындысымен келіспей, бұл шешімге апелляциялық шағыммен облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына жүгінді.

Облыстық соттың 2015 жылғы 15 қаңтардағы қаулысымен “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің шағымы қанағаттандырылмады, ал соттың 2014 жылғы 30 қазандағы шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

 Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp