Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем көшбасшыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алады. Қазақстан бүгін әлемге ядролық қарудан бас тарта отырып, қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсетті.
Барак Обама,
АҚШ Президенті.
***
Қазақстан Президентіне өз елін басқаруына байланысты жоғары баға беремін. Нұрсұлтан Назарбаев, шынымен, Қазақстанды дұрыс жолмен алып келеді. Президент көпэтносты және көпконфессионалды ел ішінде қоғамдық келісім орната алды. Қазақстан әлемнің барлық елдеріне үлгі бола алды.
Тони Блэр,
Ұлыбритания Премьер-Министрі
(1997-2007 ж.ж.).
***
Қазақстан – біздің ең жақын стратегиялық одақтасымыз және әріптесіміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәжірибелі және парасатты саясаткер ретінде өз елінің болашағын әрдайым ойлайды.
Владимир Путин,
Ресей Федерациясының Президенті.
***
Қазақстанның АҚШ-қа әрдайым көмектесуге дайын екендігіне ризашылығымды білдіремін. Мемлекеттеріңіздің экономикалық даму қарқыны маған қатты әсер етті. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздандыру бағытында жасаған қадамдарына алғысымды білдіремін.
Билл Клинтон,
АҚШ Президенті.
(1993-2003 ж.ж.).
***
Өткен он сегіз жыл ішінде қазақ халқы Сіздің басшылығыңызбен мемлекеттік құрылыс бағытында үлкен жетістіктерге жетті. Осының нәтижесі ретінде елдегі саяси тұрақтылық, әлеуметтік экономикалық даму, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі мен халықаралық аренада беделінің артып отырғаны байқалады.
Ху Цзиньтао,
Қытай Халық
Республикасының Төрағасы
(2003-2013 ж.ж.).
* * *
Мен қырғыз халқы атынан, осы елдің Президенті ретінде, Қазақстан Президенті – біздің ақсақалымыз, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетіп отырған көмегі мен қолдауы үшін үлкен алғысымды айтамын. Менің бұл сөзім кейбіреулерге ұнамай қалуы мүмкін. Дегенмен, Назарбаев мырза тек Қазақстанның ғана көшбасшысы емес, ол – әлем лидерлерінің бірі. Ол – бүкіл түркі жұртының мақтанышы. Оның еңбек жолы бүкіл әлемде бейбітшілік орнатуға бағытталған.
Алмазбек Атамбаев,
Қырғызстан Республикасының Президенті.
***
Президент Назарбаев – әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс.
Пан Ги Мун, БҰҰ-ның бас хатшысы.
***
Сіздің “ядросыз әлем” жобаңыз бұл – жаһандық саясаттағы ешкім қайталай алмайтын қадам болды. Менің және Америка халқының Сізге және Қазақстан халқына қашанда ілтипатымыз ерекше. Сіздің қиын-қыстау кезеңдердегі ұстанған саяси және экономикалық реформаларыңыз әлемдік саясаттағы үлкен жетістік деп білеміз. Бұдан әрі де Қазақстан мен АҚШ арасындағы достық, ынтымақтастық байланыс нығая түсетініне сенімім кәміл.
Джордж Буш,
АҚШ-тың бұрынғы
Президенті (1989-1993 жж.).
***
Қазақстан – өзге де ТМД елдерімен салыстырғанда ерекше мемлекет. Онда тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өсім бар. 1991 жылы Президент Назарбаевтың бастамасымен, Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқанда, біз Назарбаевтың осы бір бастамасына қайран қалған болатынбыз. Өйткені, БҰҰ әлем елдерін ядродан бас тартуға үндеп келе жатқанына 60 жылдан асты. Бірақ нәтиже жоқ еді. Мұның бәрі – Президент Назарбаевтың еңбегі.
Кофи Аннан,
БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы
(1997-2006 жж.).
***
Қазір жаһандық саясатта 5-6 ірі саяси ойыншылар бар. Солардың бірі – Нұрсұлтан Назарбаев. Мен оған қатты сенемін және оның бастамаларын қолдаймын.
Маргарет Тэтчер,
Ұлыбританияның
Премьер-министрі (1979-1990 жж.).
***
Аса қадірменді Президент мырза, менің аяулы бауырым! Алдыңғы жылы Түркиядағы Президентті ұлықтау рәсіміне Сіз арнайы келіп қатыстыңыз. Мен мұны Сіздің маған ғана емес, барша түрік жұртына құрметіңіз деп түсінемін. Сіз түркі жұртының ақсақалы ретінде Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластықты нығайтуға аянбай тер төгіп келесіз. Мен Сізді үлгі тұтатынымды жасырмаймын.
Режеп Тайып Ердоған,
Түркия Республикасының Президенті.
***
Мен білемін, дүниеде ерекше жаратылған адамдар болады. Олардың ақылы жыл ұзарған сайын арта береді. Қарапайым адамдар қартайған сайын жадынан жаңылып, қарттықтың көлеңкесіне сүйенеді. Ал дара туғандар керісінше болады. Оларға Алла Тағала даналық берген. Олар Алланың ерекше сүйген құлдарынан болса керекті. Президент Назарбаев осындай азамат!
Ислам Каримов,
Өзбекстан Республикасының Президенті.