«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ – ЕКІ ӨЛІМ

Петропавл қаласындағы Партизан және Парк көшелерінің қиылысында түн жарымында «Hyundai» көлігінің 23 жасар жүргізушісі велосипедшіні соғып кетті. Қосалқы жолдан бастысына бұрылған кезде ол велосипедке жол беруі тиіс еді. Алайда ол қараңғы болғаны себепті қос доңғалақты көлікті көрмей қалғанын айтып ақталды.

Зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізіліп, оған тиісті дәрігерлік көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді. Айыпты жүргізушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 600-ші бабы бойынша хаттама толтырылды.
«Шын мәнісінде, жаяу жүргіншілер мен велосипед, электр самокат, скутер сияқты көлік иелері қараңғыда жүргізушілер оларды көре алуын ойластыруы керек. Ал жүргізушілер көшелердің қиылысына жақындаған кезде жылдамдықты азайтқаны абзал. Жол-көлік апаттарының алдын алу үшін полиция қызметкерлері рейдтер өткізіп, жол қозғалысына қатысушыларға міндеттерін түсіндіреді», дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.
Әсіресе, көше қиылыстары қауіпті. Велосипедшілер де жол қозғалысының толық құқылы қатысушылары. Сондықтан солға бұрыларда оларға жол беру керек. Кейде велосипедшілердің өздері де салдыр-салақтық танытып жатады.
Шілде айында облыс орталығында велосипедшілердің қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жыл басынан бері велосипед пен көлік соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі жарақат алды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp