«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жыл басынан 1122 азамат қабылданды

Облыстық полиция департаментінде бірінші басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы жалғасуда. Апта сайын облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев алдын ала жазылу бойынша азаматтарды қабылдайды.

Қауіпті індеттің таралуына байланысты енгізілген шектеу шараларына байланысты қабылдау «Азаматтарды қабылдау» алаңдарынан бейнеқоңырау арқылы жүзеге асырылады, мұндай алаңдар өңірдің әрбір полиция бөлінісінде ұйымдастырылды. Күз басталғалы осындай форматта 39 азамат қабылдауға келді, оның 23-ін полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев, қалғандарын орынбасарлары қабылдаған. Соңғы қабылдауда облыстық полиция бастығына жеті адам жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі қылмыстық істерді тергеуге, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға қатысты болды. Марат Сағынтайұлына жүгінген азаматтардың барлығы тыңдалып, қойылған сұрақтарға қатысы бар қызметтер мен бөлініс басшыларына қажетті нұсқаулар берілді.
Полиция департаменті құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Динара Қожантаеваның ақпараты бойынша, тоғыз айдың ішінде өңірдегі полиция бөліністері басшылығының жеке қабылдауында 1122 адам болған, оның ішінде облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев 90 адамды, орынбасарлары 42 адамды, қалғандарын қалалық және аудандық басқармалардың және облыстық полиция бөлімдерінің бірінші басшылары қабылдаған. Облыстық полиция басшысына қабылдауға 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефондары бойынша жазылуға болады, ол сәрсенбі күні жүргізіледі. Ал қалалық және аудандық полиция бөлімдері басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі әкімшілік ғимараттардың фойелерінде орналастырылған.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp