«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛ ЖАҢАЛЫҒЫ АТАНДЫ

Канадалық Netboxe.com басылымы 2019 жылдың үздік спортшыларын анықтады. 

“Жыл жаңалығы” номинациясында қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) жеңді. 21 жастағы боксшы бірінші орта салмақта WBC Asia және WBC Youth World белбеулерінің иегері.

 2016 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы әуесқой бокста үздіктердің бірі саналған. 2018 жылы кәсіпқой рингке бет бұрған ол Камил Эстефанның “Eye of the Tiger Management” компаниясымен келісімшартқа отырған. 
Қазір ол Марк Рэмсидің қол астында жаттығады. Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокста өткізген барлық 11 жекпе-жегінде жеңіске жеткен.
Ол соңғы жекпе-жегін 8 желтоқсан күні өткізіп, жетінші раундта аргентиналық Хосе Вильялобосты жеңді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp