Қызылжар өңірінде биылғы жылдың соңына дейін 500-ге жуық пәтер пайдалануға берілмекші.
Оның басым бөлігі – 332 пәтер – «Жас өркен» шағын ауданында. Ал «Берекеде» 78 пәтерлі тұрғын үй салынып болды. Жуков көшесінде 79 пәтерлі үйдің де құрылысы аяқталуға жақын екен.
Сондай-ақ Куйбышев орман шаруашылығы аумағында – 4 жеке үй, Қыызлжар ауданындағы Бәйтерек ауылында 5 үй тұрғызылған.