«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫМ-ЖЫРТ АУЫЛДА ТҰРАМЫЗ…

Мен Уәлиханов ауданындағы Жасқайрат ауылының негізгі мектебінде кітапханашы болып қызмет істеймін. Ашығын да, ашынып та айтарым – ауыл жағдайы. Сөзімді шашыратпай, турасын айтатын болсам, ауызсу жағдайы, ұялы телефон, ауыл ішін жарықтандыру, жол мәселелері деген сияқты шешімін таппай жүрген әлеуметтік ахуалдарымыз жетерлік.

“Ауылдың болашағы – жастарда” деп, жас мамандарды ұстап қалу қазіргі кезде ауылда басты мәселеге айналуда. Бірақ Интернет желісі қосылмауы, байланыстың жоқтығы жастарға қатты әсер етпей ме? Мұндай ауылға қоныстануға жастардың құлқы соға ма, олар ықылас қоя ма?

Ауылымыз шалғайда орналасқандықтан, жол, қатынас мәселесіне де жиі тап боламыз. Қыста – белуардан қар басса, жазда – белшемізден саз кешеміз. Әсіресе, тұрғындардың қыстың көзі қырауда қысыл-таяң жағдайда жолға шығып, далада қалып қойған кездерін де айта кеткім келеді. Осындайда ұялы телефонның көмегімен қиын жағдайдан құтылғандардың оқиғалары жайында облыстық газеттен оқыған едік. Бірақ біздің ондай мүмкіндігіміз жоқ. Сондай-ақ, сырттан ауылымызға ат басын тірейтін жолаушылар да қара көрсете қоймайды.

Ұзын сөздің қысқасы, біз жым-жырт ауылда тұрамыз…

Бибінұр ЖАНАТҚЫЗЫ.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp