«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫР АРҚАУЫ – ДОСТЫҚ

Қазақстандағы жүзден астам этнос өкілдері бір-бірімен тату-тәтті, берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыздың адам баласын ізгілік пен сыйластыққа, ынтымаққа тәрбиелейтін тереңнен тартар ежелгі қасиеті қазақстандықтардың бойына дарып, ол өміріміздің салтына айналып келеді.

Кеше Достық үйінде “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Қош келдің, әз Наурыз!” мерекелік шарасы өтті. Оған Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Мерекелік шара жиналғандарға Қыдыр атаның еліміздің гүлденуін тілеген, халықты татулық пен бірлікке шақырған, әз Наурызбен құттықтаған ақ батасымен ашылды. “Қызылжар” орталық мешітінің өкілдері қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіп, Сапура қажы Тәшенова бүлдіршіннің тұсауын кесті. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері жиналғандарды ана тілдерінде Наурыз мерекесімен құттықтады. Мереке барысында С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртістері, әншілер мен би ұжымдары өнер көрсетті.

Зарап ҚҰСАЙЫНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp