«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫР ӨНЕРІМЕН СУСЫНДАТТЫ

Жуырда облыс полицейлері “Қазақ хандығының 550 жылдығы” мерейтойына арналған оқулар байқауына қатысты. Аталмыш байқауда аудандық, қалалық, облыстық полиция бөлімдерінің 27 қызметкері бақтарын сынап, ХV-XIX ғасыр аралығында өмір сүрген жыраулардың, билердің, хандардың поэтикалық туындыларынан және прозадан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, аталмыш шығармаларды орындау мәнері де назардан тыс қалмады. Осылай байқау қатысушылары қазылар алқасының қатаң іріктеуінен өткеннен кейін жеңімпаздар белгілі болды. ІІД-нің құрылымдары арасында бірінші орынды қарауыл қызметі взводының аға сержанты Рауан Бимақанов иеленді. Ол Махамбет Өтемісұлының “Мен, мен, мен едім” өлеңін домбырасын тарта отырып, орындады. Ал екінші және үшінші орындарға арнайы бөлімнің қызметкері Саят Әбілқайыров пен әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Дәурен Едіресов лайық деп танылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp