«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жігерлендірген кездесу

Петропавл қаласындағы Спорт сарайында мектеп оқушылары өңір велоспортының жайымен танысу мүмкіндігіне ие болды.

– Веломаусымның жылдық қорытындысын шығардық. Көрсеткіш көңіл қуантарлық. Бүгінде өңірімізде 210-ға тарта жас велоспортпен айналысады. Оның 23-і ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүр, – деді велоспорттан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Владимир Парахин.

Кездесу барысында балғындар жас та болса бірталай жетістікке жеткен спортшылардың әңгімесін тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әсіресе, оқушыларды Никита Кабачектың спорттық жолы қызықтырды. Ол – маунтинбайктан Қазақстанның төрт дүркін жеңімпазы, ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Велоспортпен айналысқанына 10 жылдан асқан Никита Кабачек биылдың өзінде түрлі деңгейдегі алты сайысқа қатысып, тоғыз медальды жеңіп алған. “Діттегеніңді еш уақытта орта жолда аяқсыз қалдырмау керек. Менің әлі де алға қойған мақсаттарым көп. Бастысы, қажымай еңбектену қажет. Өмірлік ұстанымым – осы”, – деді велошабандоз.

Айсұлу СЕРҒАЛИ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp