«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЗ АЙТҚАННАН БІР КӨРСЕТКЕН АРТЫҚ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокурату­расы облыстық соттың қолдауымен әкімшілік заң бұзушылықтар туралы іс­тер бойынша іс-шара ұйымдастырды.

Жиын жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және әкімшілік іс жүргізудегі «жариялылық пен заңды­лық» қағидаттарын көрсетуге бағыттал­ған. Көрнекі процестер іс жүзінде ұсақ заң бұзушылықтар үшін де «жазаның бұл­тартпайтындығы» қағидасын көрсетеді.

Осы жылдың 5 айында әкімшілік құ­қық бұзушылық туралы 4220 іс қаралды, олар бойынша 2 257 адам қамауға алынды және 1 794 адамға жалпы сомасы 314 млн. теңге айыппұл салынды, ал 169 құқық бұ­зушыға ескерту берілді.

Соттарда құқық бұзушылық сана­тындағы жиі қаралатын істерге ұсақ бұ­зақылық, қоғамдық орындарда мас күй­де жүру және көлік жүргізу, сот акті­лерін орындамау, қорғау ұйғарымдары­ның талаптарын бұзу және отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жата­ды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp