Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында мемлекетті басқаруды жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелеріне зор маңыз беріп келеді. Осыған байланысты, 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы қабылданды. Осы құжатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселесіне көп көңіл бөлінген.
Мемлекеттік аудит және қаржыны бақылау саласында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйелі атқарылуда. Атап айтқанда, тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудитті жүргізеді, оның тапсырмалары тұрғындардың өмір сүру жағдайларының сапалы өсу қарқынын және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ортақ ресурстарды заңдылықпен және тиімділікпен басқару, тексеру, бағалау және талдау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген №167 Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандартына сәйкес мемлекеттік аудиторлар өздерінің тәуелсіздігіне және объективтілігіне тосқауыл болатын жағдайларға жол бермейді. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қорытындылары мен ұсынымдары, нәтижелері, анықталған фактілері, пікірлері әділ, объективті, сенімді, білікті, берік болуы керек. Бұл үшінші тұлға үшін де маңызды.
Мемлекеттік аудитті жүргізу аясында тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит сәйкестігін, оның ішінде регламенттелінген және белгіленген мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын, құқықтық актілерін тексереді. Тұрақты негізде тексеру комиссиясының мүшелері аудиторлық іс-шараларға шығар алдында мемлекеттік аудиторлармен сыбайлас жемқорлықты туындататын фактілерді болдырмау бойынша нұсқаулық жүргізеді, қолданыстағы заңнамалардың және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіреді.
2018 жылдың өткен кезеңінде 70 аудиторлық есеп жасалып, оның нәтижесі бойынша 16 аудиторлық қорытынды дайындалды, 20 нұсқама шығарылды. Қолданыстағы заң нормаларының талаптарына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, мемлекеттік аудиторлар тиісті аудиторлық дәлелдемелік материалдарын қылмыстық және әкімшілік өндірісті қозғау үшін өкілетті органдарға жібереді.
Облыстық тексеру комиссиясының биыл жүргізген аудиторлық іс-шараларының қорытындысы бойынша 146 тұлға жауапкершілікке тартылды. Олардың 113-іне тәртіптік, 33-іне әкімшілік (4 лауазымдық тұлға, 29 заңды және жеке тұлға) жаза қолданылды, жалпы сомасы 2 394 239 теңге айыппұл салынды.
Бүгіндері “Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы” Заңға сәйкес республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде (оның ішінде тексеру комиссияларында) кезең-кезеңімен электронды мемлекеттік аудитке көшу бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Үстіміздегі жылы тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша қызметкерлермен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының өкілдері семинар өткізді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу үшін тексеру комиссиясында жүйелі жұмыс жүргізіледі. Облыстық тексеру комиссиясында жыл басынан бері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріндегі және заңнамаларындағы өзгерістер, техникалық тақырып бойынша оқулар, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар саласында 52 лекция оқылған 18 сабақ өткізілді.
Облыстық тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметкерлерінің мінез-құлықтарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты” бекітілді, ол тексеру комиссиясы қызметкерлерінің әрқайсысына жеткізілді және интернет-ресурсында орналастырылды.
Облыстық тексеру комиссиясында әдеп жөніндегі уәкіл бекітілді. Ол қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау қызметін жүзеге асырады, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға өзінің міндеті шегінде ақыл-кеңес береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша міндеттер мен проблемаларды шешу мемлекеттік органдар қызметіндегі оның қаупін азайтуға тікелей қатысты. Тексеру комиссиясы сыбайлас жемқорлықтың барлық жағдайын болдырмау үшін ең тиімді шараларды қолдануда. Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы шұғыл хабарлау үшін 8 (7152) 50-12-47 “сенім телефоны” жұмыс істейді, ол ресми сайтқа орналастырылған. Интернет-сайтта азаматтар мен ұйымдардан келіп түсетін электронды хабарламаларды қабылдау жүзеге асырылатын виртуалды қабылдау бөлмесі бар. Тұрақты негізде облыстық тексеру комиссиясы өңіріміздің аудандарында көшпелі семинар-кеңестер өткізеді.
2018 жылдың қыркүйек-қараша айларында көшпелі семинар-кеңестер Аққайың, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Тайынша, Ақжар аудандарында, Петропавл қаласында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының, квази-мемлекеттік сектор субъектілері өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткізілді. Бұл кездесулер жүргізілетін аудиторлық іс-шаралар шеңберінде тексеру комиссиясымен анықталатын бұзушылықтардың алдын алу және қаржылық тәртіпті жақсарту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Тілеген КАСКИН, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы.