«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮКСАЛҒЫШТА ЖАТҚАН ҚАРУ

Қызылжар өңірінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның аясында қару иелерінің осы қауіпті затты сақтау кезінде ережелерді дұрыс сақтаулары тексерілмек. Ақжар ауданындағы Киевское ауылының тұрғыны қаруын қора-қопсысында сақтап келгенін учаскелік инспектор осындай тексеріс кезінде анықтаған. Оның мамыр айында мылтығымен бірге басқа да бөгде заттарды сейфте сақтағаны белгілі болған еді. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі жөнінде учачкелік инспектор хаттама толтырып, қару уақытша сақтауға алынды. Енді ауыл тұрғыны үш жыл бойы қаруын пайдалана алмайды. Бір жыл ішінде екі құқық бұзушылыққа жол бергені үшін ол қаруды сақтау және алып жүру құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, полицейлер Ақжар ауданында қаруын автокөліктің жүк салғышына салып жүрген көрші ауданның тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Ол Талшық ауылына келіп, аңшы мылтығын көлігіне тастап кеткен. Сол түні ауылдың мас тұрғыны көлікті айдап мініп кеткен. Алысқа ұзай алмай, кедергіге соғылған шетелдік көлікті тастап кетіп қалған. Қару жүксалғышта жатқан, қараусыз қалдырудың салдары қандай жағдайға әкелуі мүмкін екендігін елестетудің өзі қиын.
Іс-шараның алғашқы күндері қаруды сақтау ережелерін сақтамауға байланысты он әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, ал сегіз солтүстікқазақстандық қайта тіркеу мерзімдерін бұзған.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp