
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағы Алматы қаласында өткен «Қазқұтқару-2019» 24-ші республикалық жиын-семинарынан жүлделі оралды.
«Біздің команда жарыстың ең жауапты кезеңінде – су айдындарында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуде жақсы нәтиже көрсетіп, үшінші орынға ие болды. Сөйтіп, облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жедел-құтқару жасағы «Қазқұтқару-2019» сайысы жеңімпаздарының үздік бестігіне кірді», – деді басқарма бастығының орынбасары Алтай Тезекбаев департаментте жүлдегерлермен өткен кездесу барысында. Семинардың басты мақсаты – төтенше жағдай туындай қалған кезде құтқару бөлімшелерінің іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру.
Спортшылармен жеке кездескен департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов жігіттерге жақсы нәтижелері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта басқа да жетістіктерге жететіндеріне сенім білдірді.