
Шал ақын ауданындағы Ақанбарақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асхат Құсайынов – облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледждің түлегі. Ол мектепте жаттықтыратын бокс және кикбокс үйірмелерінің оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Мына суреттегі мектеп спортшыларының төртеуі де ауданда үздік шығып, ілгері жарыстарда жүлде алып жүр. Атап айтқанда (солдан оңға қарай) 9-сынып оқушысы Дамир Әбікеев – бокс және кикбоксингтен облыстық сайыстың жүлдегері, 10-сынып оқушысы Евгений Лазовский – аталмыш жекпе-жектен облыстың бірнеше дүркін чемпионы, кикбоксингтен ел чемпионатына қатысушы және Омбы қаласында өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері, ортада – жаттықтырушы-ұстаз Асхат Құсайынов (ол студент кезінде осы спорт түрімен өзі де айналысқан), одан кейінгі 9-сынып оқушылары Ринат Зейнолов пен Алексей Криворучик екеуі де облыстық және аймақтық біріншіліктердің чемпиондары.
Осындай дарынды спортшылар тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы-ұстаз Асхат Құсайынов мектепте 2010 жылдан бері жұмыс істейді.
Сөзін жазып, суретін түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.