«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлделі Жәмила

Жерлесіміз Жәмила Мұстафина Тараз қаласында өткен Ықылас Дүкенұлы атындағы III республикалық “Жезкиік” қобызшылар конкурсынан жүлдемен оралды. Байқауға еліміздің барлық өңірлерінен және Тараз қаласынан іріктеліп алынған 22 үміткер қатысты.

Қазақтың белгілі композиторларының шығармаларын орындаған байқауға қатысушылардың өнерін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Әлқуат Қазақбаев, Раушан Мұсақоджаева және қобызшы Ықылас Дүкенұлының ұрпағы Ақнар Шәріпбаева бағалады.

Республикалық байқау “Елдің Ықыласы” ән-жинақ кітабы мен “Ақнар” дискісінің тұсаукесерімен ашылды.

Үміткерлер Ықылас Дүкенұлының шығармалары – “Жезкиік”, “Аққуды”, халық композиторы Қорқыттың күйлерін және өз қалаулары бойынша қобызға арналған туындыларды орындады. Жерлесіміз 1-ші турда Ықылас Дүкенұлының “Аққу” күйін, Қуат Шілдебаевтың “Қара-кемер”, Ермұрат Үсеновтің “Өмір-дастан”, сайыстың екінші кезеңінде Ықыластың “Жезкиігін”, Қорқыттың “Қорқыт” және Әлқуат Қазақбаевтың “Жаппас қобыз-домбыра” атты туындыларын орындап, 2-ші орынды иеленді.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp