«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған “Үміт” спорт клубының мүшелері тірек-қимыл аппараттары және көздері зақымданған мүгедек спортшылары арасында үстел теннисінен өткен ел біріншілігіне қатысты. Олар 9 аймақтан келген 70-ке жуық спортшымен сынға түсті.  

Сайыстың қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандық ерлер және жасөспірімдер құрама командалары жалпыкомандалық төртінші орынға табан тіресе, қыздар командасы алтыншы болды.

Жекелей сында Ильнур Юнусов пен Самат Әлжановтың жұбы екінші орыннан көрінді. Қола медальге қол жеткізгендердің қатарында Марина Алимбаева, Нұрдәулет Медетов, Дмитрий Колосов және Ильнур Юнусов пен Марина Алимбаеваның аралас жұбы болды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp