«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Көкшетау қаласында өткен “Таланты Казахстана” халықаралық байқауынан өңір өнерпаздары жеңіспен оралды.

Дарынды жастарды анықтау және қолдау, жеке тұлғаның шығармашылық деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылған байқауға өнер колледжінің тәрбиеленушілері қатысты. Мәдениет қайраткері, белгілі ұстаз Тойкен Күдерованың шәкірттері, жас домбырашылар Кәмилла Мақпоз бен Расул Өмірзақ бас жүлдені жеңіп алса, Ақжол Нұрмағанбетов, Ясмина Боева, Ясмина Сармұханова екінші орындарға ие болды.
– Өткен жылы да бұл сайысқа қатысқан болатынбыз. Биыл жаңа деңгейде ұйымдастырылған екен. Жас өнерпаздар бақ сынаған байқау әділ өтті деп ойлаймын. Үміткерлердің өнеріне кәсіби мамандар баға берді. Жалпы, қатысушылардың деңгейі жоғары болды. Өңір намысын қорғаған шәкірттерім өз өнерлерін көрсетуде аянып қалмады, – деді “Күдер” ансамблінің жетекшісі Тойкен Қабиқызы.
Байқау соңында түрлі аталым бойынша жеңіске жеткен өнерпаздарға дипломдар мен кубоктар табысталды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp