«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖОБА

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында жұмыс істейтін «Су ғылыми-технологиялық орталығы» Қытайда өткен инновациялар байқауында «Декарбонизация және ағынды суларды тазартудың өзін-өзі қамтамасыз ететін технологиясы» атты жаңа жобаны таныстырып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Байқауды Шанхай Ынтымақтас­тық Ұйымының (ШЫҰ) Қытайдағы технологиялар трансфер орталығы мен «Халықаралық жасыл техноло­гиялар мен инвестициялық жобалар орталығы» ұйымдастырды. Қазылар алқасына 10 елдің өкілдері өз жобала­рын ұсынды.

Университет жанындағы ғылыми- технологиялық орталықтың жаңа жоба­сы сарқынды суларды микробалдыр – Chlorella vulgaris SKO A RKM-0870 штаммының көмегімен биологиялық оңалтуға негізделген. Бұл штамм Қа­зақстанда және Еуразиялық деңгейде патенттелген.

Аталған технология Петропавл, Қостанай және Шымкент қалаларын­дағы жинақтаушы тоғандарда сынақ­тан өткізу арқылы өз тиімділігін дә­лелдеген. Қазір орталық ғалымдары зерттеулерін одан әрі жалғастырып, жаңа жобалар әзірлеуде.

Жансая ДЕРБИСОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp