«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ КӨМЕКТЕСТІ

Жезқазған – Петропавл автожолының 800-ші шақырымында бидай тиелген «КамАЗ» көлігін жүргізіп келе жатқан 37 жастағы Мамлют ауданының тұрғыны рөлге ие бола алмай жол жиегіне түсіп кеткен. Оны жол қозғалысын патрульдеп жүрген полицейлер байқап қалған. Олар ауыр жүк көлігін қардан шығару үшін арнайы техника табуға көмектесті.

Екі күннен кейін дәл сол маңда, нақтырақ 806-шы шақырымында тіркемесі бар қиыршық тас тиелген «КамАЗ» жол шетіндегі омбы қарда батып қалған. Тәртіп сақшылары 62 жастағы жүргізушіге де көмектесті.

Ал Көкшетау – Рузаевка автожолының 138-ші шақырымында 18 тонна сүт артып келе жатқан «Volvo» жүк көлігі боранның салдарынан аударылған. 57 жастағы жүргізуші зардап шеккен жоқ. Полицейлер жақын маңдағы ЖШС-ға хабарласып, серіктестік иесі сүтті басқа көлікке тиеу үшін арнайы техника ұсынып, көмекке жұмысшыларды жіберді. Содан кейін «Volvo» көлігі шығарылды.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті  ақпараттық  саясат бөлімінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp