«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРГІЗУШІЛЕР САЙЫСЫ

Петропавл қаласының маңында әуесқой және кәсіпқой жүргізушілер арасында экстремальды көлік жарысы өтті. “Сазбалшықтағы жарыс – 2016” сайысына Петропавл мен Көкшетау қаласының 12 жүргізушісі қатысты.

Жарыс барысында жол таңдамайтын көліктер 5 айналым жасап, 2 шақырымдық сазды-балшықты қашықтықты еңсерді.

Кәсіпқойлар арасынан Василий Джимма жеңімпаз атанды. Екінші болып мәреге Евгений Карасёв жетті. Үшінші орынды Евгений Асташов пен Алексей Волков өзара бөлісті.

Әуесқойлар арасында “ТР-1” нұсқасы бойынша мәреге бірінші болып Олег Тиуков жетті. Екінші орында көкшетаулық Максим Леонов болса, петропавлдық Андрей Мухортов мәре сызығын үшінші болып кесті.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp