«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРГІЗУШІНІҢ ӨМІРІН ҚҰТҚАРДЫ

 

Кеше кешкі бес шамасында Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылының маңында Петропавл-Жезқазған тас жолының бойында”ГАЗ 3309″ автокөлігі мен “МАН” жүк көлігі соқтығысып, жүргізушілердің бірі темір құрсауда қалды. Жол-көлік апаты орнына жедел келіп жеткен құтқарушылар Артем Савин, Орал Жолдаспаев және Евгений Языков зардап шегушіні шыны және металл сынықтарынан қорғау үшін көрпемен жауып, құтқару жұмыстарына кірісті. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдалана отырып, 20 минуттың ішінде 52 жастағы Владиславты майысқан автокөліктен алып шығып, “Жедел жәрдем” қызметкерлерінің қолына тапсырды.


 

«Дәрігерлердің айтуынша, дәл сол сәтте әр минут қымбат еді. Өйткені зардап шегушінің денсаулық жағдайы сәт сайын нашарлай берді. Оның екі аяғы да автокөліктің ішінде қысылып қалған еді. Кейін дәрігерлер оның аяғы сынғанын анықтады. Зардап шегушіге көмек көрсету үшін кескіш, домкрат, басқа да құралдарды пайдалануға, тіпті майысқан кабинаның жоғарғы бөлігін алып тастауға тура келді», – деді құтқару бөлімшесінің кзеекшісі Нұрболат Айсин.

     Зардап шегушіге психологиялық қолдау көрсеткен бас құтқарушы Ораз Каршалов да үнемі оның жанында болды. Жүргізуші қазір Бескөл ауылындағы аудандық аурухананың жарақат бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp