Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Арман Құтышев әуесқой автомобиль жүргізуші нәзік жандарға арналған акция ұйымдастырды.
Ауданның бас полицейі соңғы бес жылдың ішінде бірде-бір рет жол қозғалысы ережесін бұзбаған алты жүргізуші әйелді марапаттады. Солардың бірі – Наталья Калугина 1970 жылдан бері көлік жүргізіп, еш уақытта да ескерту алмаған.
Осы әйел жүргізушілерге гүлшоқтары және естелік сыйлықтар тапсырылды.
Ольга ШИЯН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.