Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте “Балалық шақ кемесі: достық, арман және түсіністік!” атты әлеуметтік-психологиялық акция ұйымдасытырылды.
Шара барысында қатысушылар назарына “Біздің заманымыздың батырлары” кітап көрмесі ұсынылып, әлеуметтік желі жетістіктері көрсетілді. “Отбасы – өмір аясы” тренинг-сабақтарында ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар арасындағы қарым-қатынас тақырыптары қамтылды. Ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен “ҰБТ-ға отбасымен бірге дайындаламыз!” атты спорттық сайыс өтті. Мұғалімдер қауымына арналған “Түстер әлемі” акциясында ұстаздар мектепке қызыл, жасыл, көгілдір, сары түсті киімдер киіп, ортаны ашық түстермен нұрландыра түсу мақсатын көздеді.
Апта бойы оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер тамаша көңіл-күйге, шаттыққа бөленіп, оқу жылының соңғы күндерін жағымды психологиялық ахуалмен аяқтады. Іс-шара барысында мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары және ата-аналар өздерінің үлкен бір ұжымның мүшесі екендігіне тағы бір көз жеткізе түсті.
Нұргүл РАХМЕТОВА,
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің психологі.