«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЖҰМАҚ АНАНЫҢ ТАБАНЫНЫҢ АСТЫНДА»

Биылғы көктемнің алғашқы мерекесі қызылжарлық бір топ қыз-келіншектер үшін ерекше есте қаларлық болды. «Қызылжар» орталық мешіті Халықаралық әйелдер күні қарсаңында білім беру, мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік, банк, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа салаларда еңбек етіп жатқан қыз-келіншектердің бастарын қосып, құрмет көрсетті, сый-сияпат жасады.

Қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтаған бас имам Кенжетай қажы Байкемелұлы «Алла елшісі (с.а.с.) жұмақ ананың табанының астында» деген болатын, әйел заты мұсылман үшін құрметті», – деп, мешіт ұжымы осы кездесуді арнайы ұйымдастырып отырғанын жеткізді. Мұндай шара алғаш рет өткізіліп отыр, алдағы уақытта жалғасын таппақ. Мерекелік дастарқан басында қазіргі күні мешітте жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы әңгіме өрбіді, тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі ұрпақ ата-баба дініне бет бұрып, ұлттық құндылықтарын қайта танып жатқаны жайлы пікір алмасылды. Емен-жарқын әңгіме барысында Ислам діні қағидалары мен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері арасындағы үндестік тілге тиек етіліп, жас ұрпақтың бойына осы рухани байлықты сіңіру бүгінгі қоғамымыздағы бірлік пен ынтымақты сақтау үшін маңызды екендігі сөз болды.

Мереке қарсаңында осындай әсерлі отырысқа жиналғандар мешіт ұжымына ризашылық білдірді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp