Қызылжардағы “Табиғат балалары” ботаникалық бағындағы стрелиция немесе “Жұмақ құсы” гүлі осымен 12-ші рет гүлдеді. Әдетте көктемде гүлдейтін өсімдік баққа бүгінде ерекше сән беріп тұр. Бұл өсімдікті бізге осыдан 12 жыл бұрын қала тұрғыны сыйға тартқан болатын. Ол стрелицияны 16 жыл бойы өсіріп келген екен.
Гүлдері құстың бас пішініне ұқсайтындықтан, бұл ерекше өсімдікті “Жұмақ құсы” деп атап кеткен. Оның әр гүлі үш сарғылт және көгілдір түстес үш жапырақтан тұрады.
Экзотикалық формасымен барша әлемді тамсандырған гүл ағылшын патшасы Георг III-тің әйелі Мекленбург-Стрелитцтің құрметіне аталған деседі. Ол Лондондағы патшалық ботаникалық бақтың негізін қалаған екен.
Ал экзотикалық өсімдіктің отаны – Оңтүстік Африкада бұл гүлге қатысты әдемі аңыз бар. Стрелиция гүлдеген кезде оның қауызынан сиқырлы жебе ұшып шығып, кімнің үстіне қонса, сол жан сыңарын тауып, бақытқа кенеледі екен.
Артур РЯЗАПОВ,
“Табиғат балалары” ботаникалық бағы директорының орынбасары.