«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМА НАМАЗЫНА ШЕКТЕУ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен жұма намазы оқылмайды. Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Дүйсенбай жергілікті мешіттерде қолға алынып отырған сақтық шаралары туралы түсіндіріп берді. Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай кезінде мешіттер жабылмайды. Дегенмен, індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты бес уақыт намаз бен жұма намазын әркім үйде оқуы тиіс.

– Адамдар көп шоғырланатын мешіт асханаларында берілетін құдайы ас, садақаларға уақытша шектеу қойылып отыр. Бұл – мешіт қабырғасында ғана емес, барлық жерлерде де орындалуы тиіс талап. Ал жаназаға, неке қию рәсімдеріне жақын туыстардан құралған шағын топтың ғана қатысуына кеңес беріледі, – деді бас имам.
Өңірде 70-тен астам мешіт бар екенін ескерсек, қоғамға қатер төндірген қатерлі індеттен сақтану шаралары ретінде мешіттердің санитарлық қауіпсіздігі де ерекше назарда болатынын айтып өткен жөн. Қазір антисептиктер орнатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Сурет https://ru.wikipedia.org/ сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp