«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖАЙЫНДА АЙТЫЛДЫ

“ЕС-164/3” мемлекеттік мекемесінде орта және шағын кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті. Оның мақсаты – сотталғандарды еңбекпен қамтып, олардың жәбірленуші және мемлекет алдындағы қарыздарын өтеуіне мүмкіндік жасау. Аталмыш шараға “Ермахан”, “Саликов Э.К.” жеке кәсіпкерліктерінің, “Изолит”, “МеталРич”, “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, “Еңбек-Қызылжар” №3 филиалының өндіріс аймағының директорлары мен өкілдері қатысты.

“Дөңгелек үстелдің” қатысушыларына мекеме аумағында орналасқан және қарқынды жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерліктер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және “Еңбек-Қызылжар” филиалының жұмыстары таныстырылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге “ЕС-164/3” мекемесі аумағындағы бос тұрған ғимараттар мен қоймалар көрсетілді. Бұл нысандар өз ісін ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтимын деген кәсіпкерлерге тегін жалға беріледі.

Аталмыш түзеу мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Мұрат Нәкенов және мекеме бастығының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Бақыт Ахметжанов үстіміздегі жылы сотталғандарды еңбекпен қамту бойынша атқарылған жұмыспен таныстырды. Сондай-ақ, шара қатысушылары түзеу мекемесіне автокөліктердің кіріп-шығу тәртібі, жұмыс орындарындағы техникалық қауіпсіздік, пайдаланылатын электр қуаты көздері мәселелерін жан-жақты талқылады.

Қайрат БАСАҒАРИНОВ,

“ЕС-164/3” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, әділет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp