«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ ЖОЛЫНДА

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекет басшысының Ұлт жоспары – халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі “100 нақты қадамда” атап көрсеткен тапсырмаларын іске асыру мақсатында әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейту арқылы оны оңтайландырудың жаңа әдістерін қарастыруда.

Қазіргі кезде облыста масылдықты жою үшін жұмыспен қамтудың белсенді түрлерін қолдану арқылы аз қамтамасыз етілген азаматтардың санын қысқарту жұмысы жүргізілуде. Сондай-ақ, кедейлік жағдайдан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ азаматтарды әлеуметтік қолдау ісі мақсатты түрде жүзеге асырылуда.  

Қолданыстағы заңнаманың атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлігіне сәйкес барлық ауылдық округтерде арнайы учаскелік комиссиялар құрылып, жұмыс істейді. Олардың жұмысы халықтың аса мұқтаж топтарына көмек көрсетуге бағытталған. Және де жұмыссыздардың, өз бетінше еңбек ететін азаматтардың отбасыларының жиынтық табысын жасыру фактілерін анықтауға арналған.

Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Жамбыл, Мамлют, Тайынша, Тимирязев аудандарында аз қамтылған азаматтарға ақшалай көмек көрсету жобасы қанатқақты режімде енгізілді.

Жоба жүйеге енгелі 2015 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған аудандар аз қамтамасыз етілген отбасылармен 46 әлеуметтік келісімшарт жасады.

Осы жобаны іске асыруды 2016 жылдан бастап облысымыздың барлық аудандарында қолға алу жоспарға енгізілген.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек табысы бар отбасылары үшін жаңа форматта – отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс мөлшерінің 50 пайыз көлемінде (бүгін – 40 пайыз) тағайындалатын болады. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына отбасының еңбек жасындағы мүшелері міндетті түрде қатысуға тиіс.

Ол қазіргі қолданыстағы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақының, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақының және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орнына берілетін болады.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жаңарту масылдықты жоюға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың құрамында еңбек жасындағы азаматтардың үлесін азайтуға, оларды жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне тартуға және кедейлік жағдайынан шығаруға бағытталған.

Марина МАРКОВА,

облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp