Өткен жексенбі күні Жұмысшы кентінде оқыс оқиға орын алды.
Островский көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірі өртке оранды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтады. Өрт 40 шаршы метр аумаққа жайылып, үйдің жанындағы монша жанып кетті. Абырой болғанда, көрші үйлер мен маңайдағы шаруашылық қора-жайлар аман қалды.
Қазіргі таңда тілсіз жаудың шығу себебі мен шығын көлемі анықталуда.
Сурет http://sqo.emer.gov.kz сайтынан алынды.