«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Оқушылардың  жұмысшы мамандықтарға  қызығушылығын ояту үшін    М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Шеберлер қаласы» атты шара өтті. Оған Петропавл кұрылыс-экономикалық коледжінің оқытушылары мен студенттері және “Chaplin” барбершоп мамандары шақыртылды.
– Шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарға назар аудару. Сондықтан мұнда бірқатар шеберлерді шақырдық. Олар  өз кәсібін жастарға жаңа қырынан таныстырып,   болашақ мамандығын таңдауға ықпал етеді деген ойдамыз, – дейді  “Шеберлер қаласы” шарасын ұйымдастырушы Даяна Оспанова.
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің  оқытушылары мен студенттері біліктіліктері мен өнерлерін  көрсете  білді. Болашақ аспаздар  қамырдан қуыршақ, гүл,  мысықтың,  мүсінін әзірлесе,   “құрылысшы” мамандығында оқып жүргендер  әп-сәтте орындықтар  жасап, сылақ жұмыстарын көрсетті. Қызу жұмысқа  алғашында тосырқай қараған  оқушылар, өздерінің   қалай іске  кірісіп кеткенін аңғармай қалды. Ал шараға арнайы шақыртылған “Chaplin” барбершоп  мамандары  шаш қиюдың әдіс-тәсілдерін үйретті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp