«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС АУҚЫМЫН КЕҢЕЙТУ ЖОСПАРДА

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жүк вагондарын, платформаларды құрастырумен айналысатын “ЗИКСТО” зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын басшыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген тапсырмаларды жеткізді.

Өңір басшысы барған келесі нысан – Петропавл трактор зауыты. “К-704-4Р “Батыр” тракторларын шығаратын кәсіпорын енді егіс кешенін жасауда. Құмар Іргебайұлы зауыт өніміне жоғары баға беріп, өндірісті ұлғайтуға қатысты ойларымен бөлісті.

“ПЗТМ” зауытында цех басшысы Александр Ступаченко облыс әкімін жұмыс барысынан хабардар етіп, өндіріс көлемін 1,5 есе арттыруды көздеп отырғандарын жеткізді.

Құмар Ақсақалов “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-на ат басын бұрды. Өткен айда солтүстікқазақстандықтарға 3D-принтердің үлгісін ұсынған зауыт алдағы уақытта бұл құрылғының білім беру мекемелеріне арналған жеке бағдарлама қамтылған түрін шығармақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp