«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰМЫС БАР, ТЕК НИЕТ КЕРЕК

Облыс орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған шараға он мекеме өкілі қатысты.

– Бүгінгі шарада 450 бос жұмыс орны көрсетілген. Оның 200-ден астамы облыс орталығында. Ал қалғаны ауылдық жерлерде, – дейді жастар бастамалары орталығының нұсқаушысы Анастасия Кудяшова.

Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келгендер арасында зейнеткерлер де, сол сияқты, оқуын бітіріп, өзі таңдаған мамандығы бойынша еңбек еткісі келетін жастар да болды. Солардың бірі – Рахатгүл Әскерова. Ол агроном мамандығы бойынша Есіл ауданындағы Жәлел Қизатов атындағы ауыл шаруашылығы колледжін тамамдаған. Оқуын бітіргеннен кейін шаруа қожалықтарының бірінде жұмыс істеген. Енді ол еңбек жолын облыс орталығында жалғастырмақ.

Жалпы 2016 жылы жастар бастамалары орталығына 400-ден астам адам жұмыс іздеп келсе, оның 250-і тұрақты жұмысқа орналастырылған.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp