Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін 42 500 теңге төлем алуға өтініш беруден бас тартса не істеу керек? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.
Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 8 (7152) 361786 және 8 (7152) 460194 телефондары аоқылы Кудрявцева Татьяна Васильевна мен Мырзақанова Гүлнар Маратқызына хабарласуға болады.
Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы жылдың шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемді тағайындау ережесін бекітті.
Естеріңізге сала кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 42 500 теңге қатысты жиі қоятын 18 сұраққа жауап берген болатын.
https://egemen.kz/