Биыл республикалық ардагерлер кеңесі отызжылдық мерейтойын атап өтпек. Осыған орай облыстық ардагерлер кеңесі де бірқатар мәдени-қоғамдық шаралар өткізуді жоспарлап отыр.
Аға буын өкілдеріне қатысты көптеген мәселелерді шешіп жүрген облыстық ардагерлер кеңесі биыл да қоғамға пайдасын тигізіп, біраз жұмыс атқармақ. Атап айтсақ, белгіленген шараларда аудандардағы ардагерлер қозғалысының тарихына шолу жасау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,
қоғамның үрейін алып отырған лаңкестік пен экстремизмге қарсы күреске белсене атсалысу, ардагерлер арасында түрлі мәдени және спорттық ойындар өткізу көзделген.
Өңіріміздің ардагерлер кеңесіне жергілікті биліктің көрсетіп отырған қолдауы ұйымның жүйелі жұмыс істеуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Жыл сайын көктемде облыс аумағында қайырымдылық сенбілігін ұйымдастырып, мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысшылары біркүндік жалақыларын
облыстық, қалалық және аудандық ұйымдардың есепшоттарына аударуды дәстүрге айналдырған. Сондағы жиналған қаржының көмегімен ардагерлер ұйымы біраз мәселенің шешімін тауып, жұмысын ширата түсуде. Мұндай тетіктің біздің облыста ғана қалыптасқандығын ескерсек, өңірде
ардагерлерге барынша қамқорлық жасалып отырғаны айқындала түседі.
Мұрат ЕРМҰҚАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің баспасөз хатшысы.