«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰҚА МҰЗ ҚАУІПТІ

Өңірімізде екі көлік суға батып кетті. Алғашқы төтенше жағдай 19 қараша күні орын алды. Диспетчерлік қызметке Қызылжар ауданының Новоникольск ауылының маңында Есіл өзеніне “МТЗ-80” тракторы құлағаны туралы хабар түскен. Кейін белгілі болғандай, шөп артылған трактор жардан сырғанап, өзенге құлаған. Жүргізуші дін аман. Трактор құтқарушылардың көмегімен судан шығарылды.

Араға күн сала осыған ұқсас оқиға Үлкен Тораңғыл көлінде орын алды, оған тұрғындардың бейқамдығы себепші болған. Балық аулауға келген үш адам көлдің үстіне жол талғамайтын автокөлікпен шығып, жағадан 400 метрдей жерге ұзап кетеді. Дұрыс қатып үлгермеген мұз “темір тұлпарды” көтере алмай, опырылып түседі. Балықшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp