«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰҚА МҰЗ ҚАУІПТІ

Күз мезгілі – әуесқой балықшылардың сүйікті кезеңі. Бірақ олардың барлығы бірдей қарапайым қауіпсіздік ережесін үнемі сақтайды деп айту қиын. Бұл сөзімізге жыл сайынғы қайғылы статистика дәлел. Сол себепті облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері алдын алу жұмыстарын үзбей жүргізеді.

Жуырда құтқарушылар облыс орталығында және аудандарда кезекті рейд өткізіп, оның барысында балықшылармен әңгімелесті, судағы қауіпсіздік бойынша нұсқамалар таратты. Мұндай рейдтер қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді.
Күз мезгілінде балық аулаудың қаупі арта түседі. Балықшылар синоптиктердің болжамын ескермей, дауылды күндері қайықпен балық аулауға шығады. кейде жарамсыз, ақаулықтары бар жүзу құралдарын қолданады. Сондай-ақ, өзен-көлдердің бетіне мұз қата бастағанын да ескерген жөн. Жұқа мұз өте қауіпті, ересек адам түгіл, баланың да салмағына шыдамайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp