«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰҚА МҰЗ — ҚАУІПТІ

Күз мезгілінде балық аулаудың қаупі арта тү­се­ді. Сондықтан қазіргі уақытта әуесқой балық­шы­лардың қауіпсіздігі өзекті мәселеге айналып отыр.

Жуырда құтқарушылар облыс орталығында кезекті рейд өткізіп, оның барысында балықшы­лар­мен әңгімелесті, судағы қауіпсіздік бойынша нұсқамалар таратты. Балықшылар синоптик­тер­дің болжамын ескермей, дауылды күндері қа­йықпен балық аулауға шығады. Сондай-ақ, балық ау­лау кезінде ішімдік ішетін тұрғындардың да кездесетіні жасырын емес. Жұқа мұз өте қауіпті, ере­сек адам түгіл, баланың да салмағына шыда­майды. Қалыңдығы 10 сантиметрден артық мұз ғана қауіпсіз деп саналады. Мұз үстіне топпен шық­қанда, 5-6 метр арақашықтықты сақтау керек.

Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі
департаменттің ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобының бас маманы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp