«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

“Саланг” әскери-патриоттық клубының өкілдері “Еске алу вахтасынан” оралды. Ресейдің Новгород облысында қазба жұмыстарын жүргізген жерлестеріміз жауынгерлердің сүйектері мен жеке заттарын тапты. 
Бұл –аталмыш әскери-патриоттық клуб жетекшісі Александр Азеговтің 27-ші экспедициясы. Оның айтуынша, майдан даласында із-түзсіз жоғалып кеткен жауынгерлерді табу жыл өткен сайын қиындық тудыруда.
– Алғашқы жылдармен салыстырғанда қазір іздеу жұмыстары қиын. Соғыстың аяқталғанына бірталай жыл өтті. Сондықтан көп жер белгісіз әрі үстін шөп басқан. Металл іздегіш құралдың арқасында майдангерлердің қару-жарақтары мен бас киімдерін таптық, –деді ауған соғысының ардагері Александр Азегов. 
Биыл “Еске алу вахтасына” біздің өңірден жеті адам аттанған болатын. Қазба жұмыстары кезінде табылған он жауынгердің мүрдесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Новгород облысында қайта жерленді. Ал экспедиция мүшелері әскери-патриоттық клуб мұражайын отыз жәдігермен толтықтырды. Бұл мұражайда екі мыңнан астам жәдігер барын атап өткен жөн.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp