«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӘНДІКТЕРДІ УЛАЙМЫН ДЕП…

Химиялық заттарды қолдану ережелерін дұ­рыс сақтамау салдарынан улану оқиғалары жиі кездесіп жатады. Үйдің ішін, ауланы, қора-қопсыны күтіп-ұстап, қоршаған ортаға деген жанашырлық көзқарасты, сүйіспеншілік сезімді қалыптастырған жақсы-ау. Бірақ түрлі жұқпалы аурулар тарататын кеміргіштермен, жәндіктермен күресудің жолы осы екен деп улағыш препараттарды оңды-солды пайдалану адам ағзасына ғана емес, табиғатқа да зор нұқсан келтіретінін еске салғымыз келеді. Әсіресе, химиялық заттарды сатып алған кезде не мақсатта қолданылатынын, денсаулыққа қаншалықты зияндылығын жете білген жөн.

Осындай оқыс жағдайларға жол бермеу, алдын алу шараларын күшейту үшін қауіптілігі жоғары 1,2,3-санаттағы препараттар сатылымнан алынып тасталды. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға дезинфекция, дератизация құралдарын қолдануға қатаң тыйым салынды. Бизнес өкілдерінің химиялық заттарды пайдалануға қатысты уақытша тыйым салу туралы шешімді түсіністікпен қабылдағаны қуантады.
Бүгінде өңірімізде зиянкестерден зарарсыз­дандыру жұмыстарымен 16 ұйым айналысса, 8-і облыс орталығында орналасқан. Оларға да химиялық тазарту шараларын ережелерге сай атқару тәртіптері түсіндіріліп, кеңестер берілді.
Соңы түрлі келеңсіз жайттарға соқтыратын оқиғалар өңірде тіркелген жоқ. Бірақ солай екен деп арқаны кеңге салуға болмайды.

Татьяна ГОРЛОВА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp