Көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының “Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы” Заңына сәйкес кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін (жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде білім алатын балалары бар отбасыларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп балалары бар), отбасының табысына қарамастан тағайындалады.
Бұл ретте, ата-ана құқықтарынан айырылғандар, сондай-ақ, шетінеп кеткен балалар ескерілмейді.
Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына байланысты төленеді, яғни 4 баласы бар отбасы – 42 496 теңге (16,03 АЕК), 5 баласы бар отбасы – 53 127 теңге (20,04 АЕК), 6 баласы бар отбасы – 63 757 теңге (24,05 АЕК), 7 баласы бар отбасы – 74 388 теңге (24,08 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы алатын болады.
Көпбалалы отбасыларға берілетін төлем жәрдемақыны тағайындауға жүгінген күннен бастап тағайындалады. Жүгіну күні ретінде өтініш берген күн есептеледі.
Аталған жәрдемақыны алу үшін өтінішпен қоса қажетті құжаттарды “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамының аудандық, қалалық “Халыққа қызмет көрсету орталықтарына” тапсыру қажет.
Кенжегүл ХАМЗИНА,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы.