Ертең Солтүстік Қазақстан облысы Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді.
Алдағы сенбі-жексенбі күндері облыс орталығы мен аудандардан іріктелген 100-ден астам кәсіпорын өз товарларын Елордаға апарып, саудалайды. Солтүстікқазақстандықтар ет, шұжық өнімдері, түрлі жармалар, кондитерлік, макарон, сүт өнімдері, қымыз, бал, ұн, картоп – барлығы 700 тоннадан астам азық-түлікті Астана базарларындағыдан 15-20% арзан бағамен ұсынбақшы. Сонымен қатар, Қызылжар өңірінің өнерпаздары мәдени бағдарлама әзірлеуде.