«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӨНДЕЛЕР ЖОЛДАРДЫҢ САНЫ АРТТЫ

Үстіміздегі жылы Қызылжар өңірінде 1 мың шақырым жол жөнделмек. Осы мақсатқа қазынадан 39,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл жайлы «Qyzyljar» телеарнасының тікелей эфирінде өңір аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына арналған брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының міндетін атқарушы Мақсат Баяхмет мәлімдеді.

Облыстың жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы 9 мың шақырымды құрайды, оның 1970 шақырымы – республикалық, 1983-і – облыстық, 5043-і – аудандық маңызы бар жолдар. Өңіріміз автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан кейін үшінші орында. Өткен жылдың күзіндегі тексеріс қорытындысы бойынша жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 58 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда деп бағаланды.
– Біздің өңірімізде көлік инфрақұрылымының дамуына қажетті барлық алғышарттар бар. Облысымыз тоқсан жолдың торабында орналасқан. Соған орай транзиттік әлеуетті дамыту мақсатында республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемі жыл санап артып келеді. Былтыр бұл жұмыстарға 30 млрд. теңге бағытталған болатын. Нәтижесінде өңірде 676 шақырым жол дұрысталып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының көрсеткіші 65 пайызға жетті, – деді Мақсат Қуанышпайұлы.
Атап айтқанда, бөлінген қаржының 1,09 млрд. теңгесі «Краснокиевка-Новоберезовка» автожолының 8 шақырымын жаңғыртуға жұмсалған. Сондай-ақ, Қызылжар, Мамлют, Тимирязев және Аққайың аудандарының «Новоникольское-Андреевка», «Становое-Новомихайловка», «Сергеевка-Тимирязево», «Ақсай-Восход», «Смирново-Полтавка» және «Ялты-Шөптікөл» автожолдарында күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, су өткізетін 4 құбыр орнатылды. Бұл мақсатқа 15,7 млрд. теңге бағытталды.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp