«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Өңірімізде киелі жерлер тізіміне жиырма бес нысан кірсе, соның сегізі республикалық маңызға ие. Былтыр бірқатарына жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Айыртау ауданындағы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, Ботай, Айғаным қоныстары, облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” музей кешені, Жамбыл ауданындағы Қожаберген жырау мен Абылай ханның үзеңгілес серігі Құлсары батырдың кесенелерін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сайтындағы “Киелі жерлер бойынша 3D турлар” жобасынан көруге болады.
Өткен жылы Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешеніне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысанның шатыры ауыстырылып, маңайына гранит тас төселіп, екі мазардың қаптамасы жаңаланған. Бұдан басқа Сарытомар ауылындағы Мағжан Жұмабаев музейі де ағымдағы жөндеуден өтті.
Өңірде киелі жерлерді көпшілікке танытып, мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын таппақ. Мамандардың айтуынша, киелі жерлер картасына археология және сәулет ескерткіштерін ғана емес, табиғи нысандарды да енгізу жоспарланған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp