«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ

Есіл ауданында ветеринарлық зертхана ашылды. 2007 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша әр өңірде дәл осындай 100 зерттеу орталығы салына бастаған еді. Оның 9-ы біздің облысымызда ашылып, тың техникамен жарақтандырылған. Бұл жолғы нысанның да құрылысына және заманауи құрылғылармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 124 миллион теңге бөлінген.

– Бір үлгідегі ветеринариялық зертхана Елбасымыздың бастамасымен салынды. Мұнда аса қауіпті мал ауруларының сынамаларына диагностика жүргізіледі. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты өнімдерге ветеринарлық-санитарлық зерттеулер жасалады. Күніне бұл орталыққа 500-ге жуық сынама жеткізілсе, нәтижесін 5 күн ішінде алуға болады, – дейді Есіл аудандық ветеринариялық зертхананың меңгерушісі Светлана Скатова.

Әйгерім ЕРЖАНОВА,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp