Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының хабарлауынша, үстіміздегі жылы Петропавл қаласында бірегей теннис орталығын салу жоспарланып отыр. Оның жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң бағасын алды.
Үш жабық және үш ашық корттан тұратын жобаның құны – 700 млн. теңге. Спорт сарайы жанынан бой көтеретін әмбебап теннис орталығы 1000 адамға шақталған.
(Өз тілшіміз).