«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАНАУИ ӘДІС – ТИІМДІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалында «Воспитание с изюминкой» халықаралық қашықтық конкурстың қорытындысы шығарылды.


Биыл «Жастар жылына» орайластырылған шара мектепке дейінгі білім беру мекемелері мамандарының педагогикалық тәжірибенің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдануға арналған жарқын, шығармашыл идеяларын қолдап, жүзеге асыруға бағытталып, алты жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жолғы конкурстың ерекшелігі сол – оған М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің және М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттері, яғни болашақ педагог мамандар қатысты.

Конкурсқа барлығы 154 жұмыс ұсынылды. Олар еліміздегі ғана емес, Ресей Федерациясындағы, Украина, Беларусь, сонымен қатар Америка, Эквадор мемлекеттерінде мектепке дейінгі білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін қамтыған. Жеңімпаздарға жүлдесін облыстық жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қауымдастығының президенті, «Баларман» балабақшасының директоры Балдырған Ілиясов табыстады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp