Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты – сүйікті газетім “Солтүстік Қазақстанды” тоқсанның бесеуіне де алып жетіпті. Төл газетіміз кезінде заманына сай шығып, жаңалықтың жаршысы бола біліп, бүгінде өз оқырмандары сүйіп оқитын басылымға айналды.
Шындығында бұл күндері “Солтүстік Қазақстан” газеті – қала, ауданға қарасты барша ауыл оқырманының көз қуанышы, шамшырағы. Газет алғашқы нөмірінен бастап қызылжарлықтардың арасында үлкен беделге ие болды.
“Солтүстік Қазақстан” газеті барлық жағынан жақсару үстінде. Бүгінде газет көтеретін мәселелер ұтқырлығымен, өзінің дәлдігімен өзгешеленеді. Газеттегі осындай бір серпіліс редакция басшыларының, онда еңбек етіп жатқан журналист қауымы мен ұжымның қажырлы еңбегінің нәтижесі екені даусыз. Мені, әсіресе, газет беттеріндегі жас журналистердің ұшқыр да ойлы мақалалары қуантады.
Бүгінгі таңда журналистердің еңбегі мен олардың қоғамда алатын орны ерекше. Журналистика мамандығы – қоғам өміріне белсене араласатын ең тынымсыз, көп ізденуді талап ететін мамандық. Сіздер халықтың мұң-мұқтажына етене араласып, елімізде, жалпы өмірде болып жатқан оқиғаларды оқырмандарға шынайы да әділ жеткізіп келесіздер.
Бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, қаламдарыңыз одан әрі ұштала түсуіне, оқырмандарыңыздың көбейе беруіне тілектеспін!
Абай ТАСБОЛАТОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты.