«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗАМАН ТАЛАБЫ

Бүгінгі таңдағы біздің басты бағыт-бағдарымыз – 5 институттық реформаны орындауда “100 қадам” бойынша жұмыс істеп, алға қойылған тапсырмаларды орындау. Бұл өте ауқымды және жүйелі ұлттық жоспарды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің биылғы Президенттік сайлау-алды бағдарламасы ретінде ұсынған болатын. “100 қадам” жоспары мемлекетімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сеніммен өтуді мақсат етеді. Елбасы ұсынып отырған реформада әрбір сала толық қамтылып, атқарылуға тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жазылып, көрсетілген. Ендігі біздің мақсатымыз – осы жоспар бойынша аянбай еңбек етіп, қолдан келгенше өз үлесімізді қосу. Қандай салада еңбек етсек те, бірігіп, бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығаруға ұмтылсақ, ең дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсатқа қол жеткізетініміз сөзсіз.

Бүгінгі таңда медицина саласы дамып, жұмыс барысында заман талабына сай құрал-жабдықтардың пайдаланылуы – алға басушылықтың бірден-бір айғағы. Мұның барлығы мемлекетіміздің қолдауы арқасында жүзеге асып отыр.  

Елбасы ұсынып отырған бағдарламада медицина саласының қамтылғаны көңілге қуаныш ұялатады.

“100 қадам” жоспарының индустрияландыру және экономикалық өсім жайында егжей-тегжейлі жазылған үшінші бөлімінде бүгінгі жүйеге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу ұсынылады. Бұл қадамда “Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады” делінген. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қасынан медициналық қызмет сапасы бойынша бірлескен комиссияны құру туралы айтылады. Бұл жерде басты мақсат – медициналық қызмет көрсетудің алдыңғы қатарлы стандарттарын енгізу. Яғни, емдеу хаттамалары, кадрлар әзірлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сапаны және қолжетімділікті бақылау. Осындай жаңашылдық жұмысымызға серпін беріп, өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкеледі.

Жанна МАУЫТОВА,

облыстық перинаталдық

 орталықтың бас дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp